Құпиялылық саясаты

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Dream Group» (бұдан әрі – «Компания»), Пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын сақтау маңыздылығын түсініп және адам құқығын сақтауға бейілділігін таныта отырып, осы Құпиялылық саясатын әзірледі.

1.2. Компанияның және/немесе оның үлестес тұлғаларының қолданбаларын, интернет-ресурстарын, сайттарын, өнімдері мен сервистерін (бұдан әрі - «Сервис» немесе «Сервистер») пайдалану бойынша Құпиялылық саясаты Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады және Пайдаланушы келісіміне қосылған Пайдаланушылардың барлығына қатысты қолданылады. Компания аталған Саясатқа Саясаттың өзгертілген редакциясын Компания сайтына орналастыру және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялау жолымен өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар Сервис атқарымы шеңберінде олардың қабылданғаны жайлы тиісті түймешік басылғаннан кейін немесе немесе олар жарияланған күннен кейінгі 7 (жеті) күнтізбелік күн өткен соң Пайдаланушы Сервисті пайдалануын жалғастырса, Пайдаланушы тарапынан қабылданған болып саналады. Осы Саясаттың қолданыстағы редакциясы Компания сайтында dreamgr.kz сілтемеcі бойынша орналасады.

1.3. Осы Саясатта қолданылатын терминдер мен анықтамалар, егер де Саясатта басқасы белгіленбеген болса, Пайдаланушы келісіміндегідей мағынаға ие.

1.4. Осы Саясаттың мақсаты Пайдаланушының дербес деректерін жинау мен өңдеу мақсаттары жайында, Сервистерді пайдалану аясында Пайдаланушылардың қандай дербес деректері жиналып, өңделетіні жайлы және Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғауға қатысты Компания қолданатын шаралар туралы Компания тарапынан ақпараттандыру болып табылады.

1.5. Осы Саясат тек Сервистерге және олар арқылы жиналатын ақпаратқа ғана таралады. Ол басқа ешқандай қолданбалар мен ресурстарға таралмайды және веб-қолданбаларға немесе үшінші тұлғалардың басқа қолданбаларына қолданылмайды.


2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

2.1. Пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу Компания тарапынан да, оның Серіктестері тарапынан да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Пайдаланушылардың Дербес деректерін жинау және өңдеу Пайдаланушы келісімін орындау, Пайдаланушыға Сервистерді ұсыну, оның ішінде оған Сервистерді пайдалануға қатысты хабарландырулар, ақпарат жіберу, сондай-ақ Пайдаланушының сұратуларын өңдеу, Пайдаланушыны Пайдаланушы келісіміне өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізілгенінен хабардар ету, Пайдаланушыға дербестендірілген қызметтерді және жарнама материалдары мен контентті таргеттеуді ұсынуды қоса алғанда, ұсынылатын Сервистер, маркетингтік белсенділіктер, жарнама науқандары және нарықты зерттеулер сапасын арттыру, жаңа Сервистерді әзірлеу және ұсыну, Пайдаланушылардың конкурстарға қатысуы, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес Компанияның құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы мақсатында жүзеге асырылады. Дербес деректерді жинау мен өңдеудің қосымша мақсаттары жекелеген Сервистерді пайдалану шеңберінде мәлімделуі мүмкін.

2.2. Сервистерді пайдалану кезінде Компания немесе Серіктес ұялы телефон нөмірін, электронды пошта мекенжайын, IP мекенжайын, геолокация жайындағы ақпаратты, іздеу сұратуларының тарихын, кірулер күні мен уақытын, сонымен қатар қолжетімді «cookies»-ті, браузер және операциялық жүйе туралы ақпаратты, Аватар (Пайдаланушы орналастырған сурет), пайдаланушы аты, жынысы, туған күні, Пайдаланушының қолжетімділік құқығын келісу және растау секілді пайдаланушы ұсынған деректерді және жоғарыда 2.1 тармақта көрсетілген жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті өзге деректерді қоса алғанда, Пайдаланушы ұсынған деректерді жинап, өңдеуі мүмкін.

2.3. Дербес деректер Пайдаланушы тарапынан толықтырылуы мүмкін. Оған қоса, Компания Пайдаланушының дербес деректерін ашық дереккөздер арқылы немесе Компаниямен шарттық қарым-қатынас негізінде үшінші тұлғалардан толықтыра немесе нақтылай алады.

2.4. Дербес деректерді сақтау Компания тарапынан Қазақстан Республикасы аумағында Пайдаланушы келісімі бойынша оларды жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзім ішінде және қандай да бір заңнамада анағұрлым қысқа уақыт белгіленбесе, көрсетілген Пайдаланушы келісімінің қолданысы тоқтатылғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

2.5. Пайдаланушы Дербес деректерін жинау мен өңдеуге берген өзінің келісімін қайтарып алуына болады. Келісімді қайтарып алу Пайдаланушы келісімін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға алып келуі мүмкін. Келісімді қайтарып алу үшін Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінде көрсетілген Компания мекенжайына жазбаша өтініш беруі керек.


3. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

3.1. Пайдаланушылардың дербес деректері құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.

3.2. Компания мен оның Серіктестері заманауи технологиялар мен ішкі рәсімдерге ие және Дербес деректерді бөгде араласулардан, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, оны өзгерту, ашу немесе жою әрекеттерінен қорғауға бағытталған барлық іс-әрекетті жүзеге асырады. Компания өзінің әрбір Серіктесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген нысанда ақпараттың, оның ішінде Пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын көздейтін шарттың болуын қамтамасыз етеді.

3.3. Сервистер интернет желісінде Пайдаланушы мен Сервистер арасында жүретін деректердің қорғалуын TLS v1.2 криптографиялық хаттамасын пайдалана отырып, HTTPS қорғалған хаттамасы бойынша қамтамасыз етеді.
3.4. Пайдаланушылардың Дербес деректеріне қолжетімділік тек Компания мен Серіктестердің аталған ақпарат қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті қызметкерлеріне ғана беріледі.


3.5. Компания мен Серіктестіктің барлық қызметкерлері және Дербес деректермен жұмыс істейтін өзге тұлғалар құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге қол қояды, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының Дербес деректерді өңдеу саласындағы нормалары мен талаптарын бұзған жағдайдағы ықтимал тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.


4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ҰСЫНУ

4.1. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте және жағдайларда жүргізіледі.

4.2. Пайдаланушы келісімін орындау және Сервистерді пайдаланудың пайдаланушылық тәжірибесін жақсарту мақсатында Компания Сервистердің жаңа атқарымын (ақпараттық, жарнама, білім беру, ойын-сауық және басқадай сипаттағы сервистер мен өнімдерді қоса алғанда), оның ішінде үлестес тұлғалар мен Серіктестерді тарта отырып, дамытады, жетілдіреді, оңтайландырады және енгізеді. Аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Пайдаланушы Компанияның қолданыстағы заңнаманы сақтай отыра, Пайдаланушының Дербес деректерін, ондай деректерді автоматтандырылған өңдеу нәтижелерін, оның ішінде бүтінсанды және/немесе мәтінді мәндер мен сәйкестендіргіштер түріндегі нәтижелерін қоса алғандағы өңдеуді, оларды үлестес тұлғаларға және/немесе Серіктестерге мұндай өңдеуге келісімді орындау үшін трансшекаралық беруді қоса алғандағы беруді жүзеге асыруына келісіп, рұқсат береді.

4.3. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берген жағдайда Компания оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғау бойынша барлық ұйғарынды шараларды қолданады және оларды осы Саясаттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді. Компания Пайдаланушылардың жеке өмірге кіріспеушілікке құқығын қамтамасыз етеді және сәйкесінше ешқандай үшінші тұлға, оның ішінде Серіктестер де, Пайдаланушылардың хат алмасуы жөніндегі ақпаратты алмайды.

4.4. Жоғарыдағы 4.1-4. 3 тармақтардың ережелеріне қарамастан, Пайдаланушы оның деректері Интернет арқылы берілетінін және Компания Пайдаланушы беретін, қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер нәтижесінде үшінші тұлғалар рұқсатсыз қолжетімділік алуы мүмкін деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін түсінеді. Осыған байланысты деректерді кез келген беруді Пайдаланушы тәуекелге бара отырып жүзеге асырады және Компания деректердің не олардың бір бөлігінің мәлім болуы және сәйкесінше Пайдаланушыға зиян келуі үшін жауапкершілік көтермейді.